Белгілі саяхатшы, Қазақстан ұлттық география қоғамының өкілі Нұржан Алғашов Бурабай демалыс аймағының қоқыстың астында қалғанын әлеуметтік желіде жазып, әкімдікті сынға алды. «Бурабайдың бүгінгі кейпі осындай. Әлбетте мына қоқыс осында келген демалушылардың тірлігі. Алайда менде Бурабай ауданының әкімдігі мен Бурабай ұлттық паркі өкілдеріне қояр сұрағым бар.
- Қоқыс жәшігін тазартып тұрмасаңдар, неге оны қойдыңдар?
- Осы аумақты тазалау мен қоқысын шығару кімге тиесілі, кім жауапты?
- Мұндай келеңсіздік қайталанбас үшін сіздер қандай әрекеттерді қолға алып жатырсыздар?