Тунис жағалауында мигранттар мінген қайық суға батып, 61 адам қаза тапты
Тунис жағалауында мигранттар мінген қайық суға батып, 61 адам қаза тапты
фото: ашық дереккөз
Тунис жағалауында африкалық мигранттар мінген қайық суға батып кетіп, 61 адам қаза тапты. Бұл туралы жергілікті шенеунік сенбі күні жария етті, деп хабарлайды Reuters агенттігі. Өткен демалыста ондаған африкалық мигрант Тунистің Керкенна аралынан Италияға жолға шыққан. Апат 9 маусымда болды. Жергілікті билік көп адамның қаза тапқанын хабарлады. Азаматтық қорғаныс қызметінің қызметкері Морада Мехридің айтуынша, қазіргі уақытта жағалау күзеті 61 адамның денесін тапқан, соның ішінде бала да бар. Өткен жылы 86 африкалық мигрант Тунис жағалауында қайығы аударылып, суға батқан болатын. Мигранттар мінген қайықтың Ливиядан Еуропаға бара жатқаны белгілі. Өкінішке қарай, мұндай жағдай жиі болады. Заңсыз мигранттар қауіпті саяхатқа Еуропада жақсы өмір сүру үшін және жұмыс істеу үшін барады.