Атырауда көпірден секіріп кеткен қыз көз жұмды
Атырауда көпірден секіріп кеткен қыз көз жұмды
фото: ашық дереккөз
Бүгін, 14 маусымда Атырауда орталық көпір маңынан құтқарушылар өз-өзіне қол жұмсап, суға секірген қыздың денесін судан шығарып алды, - деп хабарлайды tengrinews.kz. Атырау облыстық ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, таңертең сағат 10:20-да құтқарушылар судан 1999 жылы туған қыздың денесін тауып, шығарып алды. 13 маусым күні шамамен сағат 23:20-да ол орталық көпірден өз-өзіне қол жұмсамақ болып секіріп кеткен. Еске салайық, былтыр наурызда Атырауда орталық көпірден әйел адам секіріп кеткен еді. Әйелді судан шығарып алды, ал оны құтқарған полицей - 24 жастағы патрульдік полиция сержанты Шалқар Ақымғалиев суға кетіп, көз жұмды.