Өскеменде сатушыны мылтықпен қорқытып, дүкенді тонап кетті
Өскеменде сатушыны мылтықпен қорқытып, дүкенді тонап кетті
фото. ашық дереккөз
247
оқылды
Өскеменде шолақ мылтықпен қаруланған ер адам дүкенге басып кіріп, кассадан ақша алып кеткен, - деп хабарлайды облыстық полиция департаменті. Ведомствоның мәліметінше, 13 маусым кешкі сағат 18.20 шамасында Гагарин бульварында орналасқан дүкенге қолына шолақ мылтық ұстаған ер адам қарақшылық шабуыл жасаған. Ол дүкеннің сатушысын қарумен қорқытып, кассадағы ақшаны тонап кетті. «Аталған факті негізінде криминалды полиция қызметкерлері шұғыл шара қабылдап, 1983 жылы туған облыс орталығының тұрғыны ұстады. Қазіргі таңда ҚР ҚК 192-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған» деп мәлім етті полицейлер. Күдікті уақытша изоляторға қамалған.