Трамптың футбол командасынан неге көңілі қалды?
Трамптың футбол командасынан неге көңілі қалды?
фото: ашық дереккөз
АҚШ президенті Дональд Трамп футболдан АҚШ құрамасының ойынын тамашалаудан бас тартты. Ақ үй басшысы командадан көңілі қалғанын Twitter-де жариялады. «Енді олардың матчын көрмеймін!» – деп жазды Трамп. Ол АҚШ Футбол федерациясы (USSF) ұлттық әнұран орындалған уақытта спортшыларға тізерлеп тұруға рұқсат бергеннен кейін осындай шешімге келген. Қара нәсілді күзетші Джордж Флойд Миннеаполисте қамауға алынып, полицейлердің өрескел әрекеті салдарынан қаза тапқан болатын. Осыдан кейін АҚШ-тың ондаған қаласында наразылық акциясы өтіп, соңы тәртіпсіздікке ұласты. Ақпарат көздерінің жазкынша, Флойдтың қазасынан кейін наразылық акциясына шыққан АҚШ азаматтары оның құрметіне жұрт алдында тізерлеп тұрған. Мұнымен қоса, полицейлердің әрекетіне наразылық білдіріп, қара нәсілділерге зәбір көрсетуді тоқтатуды сұраған еді.