Асқар Мамин өзін-өзі оқшаулады
Асқар Мамин өзін-өзі оқшаулады
© сурет интернеттен алынды
113
оқылды
Үкімет басшысы Асқар Мамин қазіргі кезде өзін-өзі оқшаулап, бейнебайланыс арқылы кестеге сай жұмысын жалғастыруда, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі.
"Премьер-Министр Асқар Мамин 12 маусым күні денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановпен бірге Жамбыл облысына жұмыс сапарымен барды. Біртановтың COVID-19 анализінің оң нәтиже көрсетуіне байланысты үкімет басшысы ПТР тестілеуден өтті – нәтиже теріс", – деді баспасөз қызметінің жетекшісі Зарина Нұрланова.
Айта кетейік, сапар барысында Денсаулық сақтау министрі тыныс алу маскасымен жүрген болатын. Ал жексенбі күні таңертең министр Біртановтың коронавирус инфекциясын жұқтырғаны және елордалық жұқпалы аурулар ауруханасына түскені хабарланды.