Сапарбаев та өз-өзін оқшаулады
Сапарбаев та өз-өзін оқшаулады
© сурет интернеттен алынды
Еліміздің  Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтан  коронавирус инфекция табылғаннан кейін  Үкімет басшысы Асқар Мамин өз-өзін оқшаулағаны белгілі. Кеше кешке Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев та оқшаулауға кетті. Облыс әкімінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше аймақ басшысы мұндай шешімге жуырда Қордай ауданына жұмыс сапарымен келген Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановпен байланыста болғаннан кейін келген. Десе де,  Бердібек Машбекұлының  министрмен кездесуге дейін де, кейінде тапсырған тес сынамасынан инфекция анықталмаған. Алайда облыс әкімі  өз-өзін оқшаулап, барлық жиындарды онлайн өткізуге бел буып отыр.  

Саятхан Сатылғанов,

Жамбыл облысы