Өскеменде қару кезеніп, дүкен тонаған сәт бейнекамераға түсіп қалды

Өскеменде қару кезеніп, дүкен тонаған сәт бейнекамераға түсіп қалды

Өскеменде дүкенге қарулы шабуыл жасалған сәт бейнебақылау камерасына түсіп қалды, - деп жазады ktk.kz.

13 маусым күні кешкі сағат 18:20 шамасында Өскемендегі дүкендердің бірінде қарақшылық шабуыл жасалды. Әлеуметтік желілерде таралған видеода ер адам дүкенге кіріп, атыс қаруына ұқсас затты сатушыға кезенеді. Ал сатушы болса, сөрелердің тасасына жасырынып дүкеннен шығып кетеді. Ал үстелден асып өткен ер адам, кассада тұрған бір бума ақшаны қолды етеді.

"Осы оқиға бойынша жедел шаралар қабылданды. Криминалдық полиция қызметкерлері 1983 жылы туған Өскемен қаласының тұрғынын ұстады", – деді Шығыс Қазақстан облыстық полиция департаменті басшысының орынбасары Талғат Шаяхметов.

Қазіргі кезде күдікті уақытша тергеу изоляторына қамалып, Қылмыстық кодекстің 192-бабы (тонау) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

https://www.youtube.com/watch?v=q5-WqVfiSM4&feature=emb_logo

Байқау айқын
Байқау айқын
Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.