Жақыныңа жанашыр бол: Алтай Көлгінов елордалықтарға тағы үндеу жасады
Жақыныңа жанашыр бол: Алтай Көлгінов елордалықтарға тағы үндеу жасады
© сурет интернеттен алынды
5,142
оқылды
Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов еордалықтарды қонаққа және отбасылық мейрамдарға барудан бас тартуды өтінді.
«Қонаққа барудан және отбасылық мерейтойлардан, сонымен қатар адамдардың көптеп топталып жиналуынан бас тарта тұру қажет. Тәуекел әлі де бар. Сақтық шараларын сақтай отырып, сіз өзіңізді және жақындарыңызды қауіпсіздендіресіздер. Қалада отбасылық інндет ошақтары тіркелді. Бір адам отбасының бүкіл мүшелеріне - қарт ата-анасына, балаларына, жұбайына жұқтырып алды. Қалада инфекцияның таралуына жол бермеу мақсатында залалсыздандыру жұмыстарын тұрақты жүргіземіз», - деп жазды Алтай Көлгінов Instagram парақшасында.
Оның атап өтуінше, емханалар мен ауруханалар аумағында залалсыздадыру тоннельдері мен тепловизорлардың саны артырылатын болады.
«Өкінішке орай індет жұқтырғандардың барлығы бірдей медицина қызметкерлерінің нұсқауларын сақтай бермейді. Бұған қоса, олар өздігінен емдеумен айланысып, медициналық көмекке дер уақытында жүгінбейді. Қалай болғанда да COVID-19-дың ағза үшін ауыр салдарын бағаламауға болмайды. қала тұрғындарының санитарлық нормаларды сақтамауы әрі елемеуі бүкіл қала аумағын шарпитын індеттің таралуына алып келуі мүмкін. Бұған жол беруге болмайды. Олай болмаған жағдайда қатаң карантин режиміне оралуға мәжбүр боламыз», - деді елорда әкімі.
Еске салсақ, Елорда әкімі Алтай Көлгінов қала тұрғындарына бірнеше мәрте үндеу жасаған еді.