ІІМ ТЖК-нің баспасөз қызметіннің мәлімдеуінше, қайғылы оқиға 14 маусымда Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы, Қасқабұлақ ауылында болған.
"2004 жылы туған жасөспірім атпен мал жайып жүрген. Оны найзағай ұрған. Бала артынша қайтыс болды", - дейді құтқарушылар.Баспасөз қызметінің хабарлауынша, өткен аптада Қазақстанда балаларға қатысты 9 қайғылы оқиға тіркелген. 6 жаспөспірім ауруханаға жатқызылса, 5 бала қайтыс болған. Төтенше жағдайлар комитеті ересектерге қауіпсіздік талаптарын сақтап, балаларды қараусыз қалдырмауға кеңес береді.