Клиентті апарудан бас тартқан жүргізуші жұмыстан қуылды
Клиентті апарудан бас тартқан жүргізуші жұмыстан қуылды
©Сурет интернеттен алынды
Ресейде "Яндекс.Такси" жүргізушісі қара нәсілді азаматты жеткізуге бас тартқан. Конгодан келген студент пен жүргізуші арасындағы әңгіме видеоға түсіріліп, әлеуметтік желіде кеңінен таралып кетті. Диалогтың соңында студент жүргізушіден "Сіз, нәсілшілсіз бе?" деп сұраған. Ол болса "Иә" , - деген. [embed]https://youtu.be/BJsdfDSpsvk[/embed] Мұны білген компания жүргізушімен келісімшартты бұзып, онымен жұмысын тоқтатқан. Осы жерде қоғамның пікірі екіге жарылды. Бірі - жұмыс берушіні қолдаса, енді бірі - жүргізушіні жақтаған.