Қазақстанда ерекше қажеттіліктері бар 161 000 астам бала тіркелді

Қазақстанда ерекше қажеттіліктері бар 161 000 астам бала тіркелді

Бүгін Қазақстанда ерекше қажеттіліктері бар 161 000 астам бала тіркелген, олардың 55 853-і мектепке дейінгі және 105 303-і мектеп жасындағы балалар. ­ [embed]https://www.instagram.com/p/CBUw1HygL37/?utm_source=ig_web_copy_link[/embed] Қолданыстағы номативтік-құқықтық базаға қарамастан, инклюзия мәселелері Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясының және Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияның қағидаларына сәйкес заңнамалық деңгейде түзетулерді талап етеді. ­

Сонымен, Мәжіліс депутаттары - «Nur Otan» фракциясының мүшелері «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы», «Кемтар балаларды әлеуметтік, медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» заңдарға өзгерістер енгізу туралы бастама көтерді.
Құжаттарға енгізілген өзгертулердің қабылдануы білім беру процесінде балаларды психологиялық-педагогикалық қолдау үшін жағдай жасауға, оқу жоспарларының және жаңа бағалау жүйесің құруға көмектеседі.