Бұл жайында zakon.kz. хабарлады.
"Ақыры бұған да жеттік-ау. Шкарупа Анатолий Валерьевич Қарағанды облыстық сотының шешімімен сот процесі аяқталғанша оны ұстау шарасын қамаудан үй қамаққа алуға ауыстырылды", - деп жазды адвокат Нұрлан Бейсекеев Facebook-тегі парақшасында.Шкарупа 2018 жылдың қараша айында қамауға алынды. Ол Саран қаласының әкімі болған кезде аса ірі көлемде бөтеннің мүлкін жымқырды немесе ұрлады деп айыпталып отыр. Әрбір сот отырысында адвокат одан оның алдын алу шарасын өзгертуді сұрап, бірақ сот бұл өтінішті осыған дейін қанағаттандырмай келген.