Есірткі өскен аула
Есірткі өскен аула
143
оқылды

Маусым айының басында Сарыағаш полиция бөліміне хабарлама келіп түседі. Онда ауыл тұрғынының бірі ауласында есірт­кітектес өсімдік өсіргені мәлім­делді. Жіті тексеріс жүргізу үшін бөлім қызметкерлері крими­налды жасақпен бірігеді.

Криминалды полиция жасағы мен учаске инспекторлары үй ауласына тінту жүргізіп, жеткілікті айғақ жинайды. Нәтижесінде, аталған үй иесі ауласында есірт­кітектес сора өсіргені анықталады.

Тергеу көрсеткендей, күдікті есірткіні ерте көктемде еккен. Күдік тудырмау үшін сораны бақ­ша дақылдарымен бірге қатарласа өсіріп, күнделікті түбін босатып, су­ғарып, баптау жұмыстарын жүр­гізген. Сонымен бірге, өз еркімен есірткі қолданатынын мойын­даған.

Қазіргі таңда полицейлер ау­ладан табылған 5 түп есірткітектес сораны айғақ ретінде тауып, тәркіледі. Қылмыстық кодексінің 300-бабы «Құрамында есiрткi заттар бар, өсiруге тыйым са­лынған өсiмдiктердi заңсыз егіп-өсіру» бойынша Сарыағаш бөлім­шесінде тіркеуге алынып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүріп жатыр.

Түркістан облысы полицей­лері әр хабарламаны арнайы қа­райды. Қылмыстың шеті шықса, түбіне дейін тексеруге бар. Жұмыс нәтижелері қоғам игілігіне жара­рына сенімдіміз.

 

Айбике ЖАНАСЫЛ