52 отбасы пәтерлі болды

52 отбасы пәтерлі болды

6 маусымда BI Group компаниясы өзінің алғашқы премиум-класс кешенін Алматыда ашты. Оңтүстік астананың экологиялық таза орындарының бірі  - Тұңғыш Президент саябағы мен Асқарова-Әл-Фараби көшесінің бойы. Соның маңында «Жайлау» гольф клубы бар.  Сол клубтың іргесінде Hyde Park тұрғын үй кешені орналасқан. Ең бастысы үй ақсүйектер мен неоклассицизмнің үйлесімімен ежелгі ағылшын стилінде жоғары технологияда жасалған. Оның витражды әйнектерінен Іле Алатауының көрінісін көруге болады. [caption id="attachment_51084" align="alignnone" > ©Сурет интернеттен алынды[/caption]

Жоба инженері Бекзат Жүнісбаевтың айтуынша, карантин режимі тұрғын үй кешенінің құрылысына қатты әсер етпеген екен.
"Терезелер мен витраждарды жеткізуі қиындау болды десек те, қалған материалдың барлығы шетелден алынды. Сондықтан кідіріс тек шекарада болды", - деді ол. [caption id="attachment_51085" align="alignnone" > ©Сурет интернеттен алынды[/caption]
Ауланың көгалдандыруы барлық талапқа сай жасалған. Мәселен, тұрғын үйдің аумағында 1200 түп көшет, 100-ге жуық ағаш және 770 шаршы метр газон отырғызылды. Оған қоса, аулада әдемі бақ пен жаттығу және ойын алаңдары да бар. 
[caption id="attachment_51086" align="alignnone" > ©Сурет интернеттен алынды[/caption]