Мұндай орталықтардың ашылуы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әзірлеген «Белсенді ұзақ өмір» Ұлттық жоспарында көзделген. Қазіргі уақытта құжат жобасы орталық мемлекеттік органдар мен әкімдіктер деңгейінде, сондай-ақ онлайн режимде «Ашық НҚА» порталында талқылануда, онда әрбір тілек білдіруші өз ұсыныстарын бере алады.
«Белсенді ұзақ өмір орталығы ересек адамдар ағылшын тілін үйреніп, компьютерлік сауаттылық курстарынан өтіп, емдік дене шынықтырумен, бимен және т. б. айналыса алатын бос уақытын өткізу мекемесі болып табылады. Нәтижесінде егде жастағы қазақстандықтар қоғамға белсенді түрде араласып, олардың психоэмоционалдық жағдайы жақсаруда»,- делінген хабарламада.Әзірге мұндай орталықтар еліміздің тек бірнеше қаласында ғана жұмыс істейді.
«Алматы қаласы Белсенді ұзақ өмір орталығы іске қосылған Қазақстандағы алғашқы өңір болды. Ол 2018 жылы маусым айында ашылды. Орталық 75 адамға есептелген, бірақ үлкен сұранысқа байланысты күн сайын оған 350-ге жуық адам қатысты. 2019 жылдың соңына қарай қаланың барлық аудандарында дәл сондай 7 мекеме іске қосылды»,- деп хабарлайды министрлік.Бағдарлама Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы әзірлеген қартаю проблемалары жөніндегі Мадрид халықаралық іс-қимыл жоспарының тұжырымдамасын ескере отырып әзірленді.
«Біздің ұйымымыздың басты міндеттерінің бірі аға буынның салауатты өмір салтын қолдау болып табылады. Барлық өңірлерде Белсенді ұзақ өмір орталықтарының ашылғанына мен өте қуаныштымын. Өйткені, БҰҰ есептеулері бойынша, 50 жылдан кейін планетаның әрбір алтыншы тұрғыны егде жастағы адам болады. Сондықтан қазірден бастап қарт адамдарға сапалы, әр түрлі және белсенді өмір сүруді қамтамасыз ету бойынша жұмысты бастау аса маңызды», – деді «Ардагер» ҚБ төрайымы Баян Ахметжанова.Айта кету керек, соңғы 5 жылда 65 жастан асқан адамдардың үлесі 2 есеге артты. Нәтижесінде, халықаралық стандарттарға сәйкес, Қазақстан 2017 жылы халқы есейген елдер тобына кірді.