Біртановтың жағдайы орташа деп бағаланып отыр
Біртановтың жағдайы орташа деп бағаланып отыр
© сурет интернеттен алынды
147
оқылды
Денсаулық сақтау министр Елжан Біртановтың жағдайы орташа деп бағаланып отыр. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп хабарлады. Оның айтуынша, министр Нұр-Сұлтандағы стационарда жатыр.
"Денсаулық сақтау министрінің жағдайы орташа деп бағаланып отыр. Оған қойылған диагноз - пневмония. Қазіргі уақытта хаттамаға сай ем алып жатыр. Стационарда ем алып жатқанына қарамастан, министр коронавирус инфекциясы штабының жұмысын онлайн түрде реттеп жатыр. Елжан Амантайұлының тезірек қатарымызға қосылғанын күтеміз", - деп хабарлады Диас Ахметшәріп.
Әзірше министрдің қызметін уақытша Олжас Әбішев, Людмила Бюрабекова және Ләззат Ақтаева қатар атқарып жатыр. Еске салайық, өткен жексенбіде, 14 маусымда министрдің коронавирус жұқтырғаны анықталған еді.