Денсаулық сақтау министр Елжан Біртановтың жағдайы орташа деп бағаланып отыр. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп хабарлады. Оның айтуынша, министр Нұр-Сұлтандағы стационарда жатыр.
Әзірше министрдің қызметін уақытша Олжас Әбішев, Людмила Бюрабекова және Ләззат Ақтаева қатар атқарып жатыр. Еске салайық, өткен жексенбіде, 14 маусымда министрдің коронавирус жұқтырғаны анықталған еді.