7 000 тұрғын денсаулығын тексертті
7 000 тұрғын денсаулығын тексертті

Негізгі мақсат – еліміздің әр облысының шалғай бекет­те­рінде тұратын тұрғындарды тегін медициналық қызметпен қамту.

Қазақстанның шалғай бекет­терінің 7 мыңнан астам тұрғыны мамандандырылған пойызда тегін медициналық көмек алды. «Медициналық пойыз» Алматы, Шығыс Қа­зақ­стан және Павлодар об­лыс­­тарының шет аймақта ор­наласқан бекеттерінде бол­ды. Қазіргі уақытта ол Ақмо­ла өңіріне келді. Меди­ци­налық пойыз шалғай станция тұр­ғын­­дарына алғашқы меди­ци­на­лық-санитарлық және кон­суль­тациялық-диагнос­ти­ка­лық көмек көрсететінін ерек­ше атап өткен жөн. Медицина­лық пойыздың бас инженері Асқар Өмірбайдың айтуынша, вагондар С.Асфендияров атын­­дағы ұлттық медицина университетінің заманауи диа­г­ностикалық құрал-жаб­дық­тарымен жабдықтал­ған. Аппаратуралар пациенттерге қажет болған жағдайда толық жалпы және биохимиялық тал­дау жасауға, ренгено­гра­фия және флюрографиядан өтуге, ішкі органдарға және қан тамырларына УДЗ жүр­гі­зу­ге, электрокар­дио­грамма, гастрофиброскопия жасауға және басқа да диагностикалық зерттеу жүргізуге барлық жағдай жасалған.

Бұған дейін медициналық пойыз Алматы, Шығыс Қа­зақ­­стан және Павлодар об­лыс­­­­та­ры­­ның ең шалғай бекет­терін аралап келген. 7 шілдеге дейін пойыз Солтүстік Қазақ­стан және Ақмола облыстары­ның 24 теміржол бекетін ара­лай­ды. Акция басталғалы бері 7 420 адам, оның ішінде 1 465 бала дәрігерлердің қабылдауы­на келген. Жалпы, дәрігерлер­ге қаралғандардың саны 20 000-нан асады, 623 кіші хирур­гия­­лық ота, 283 ФГДС про­це­дура­­сы, 2 416 УДЗ жасалған. Флю­­ро­графиядан 1 324 адам өткен.