Жетісудың үздік тауарлары қандай?
Жетісудың үздік  тауарлары қандай?
171
оқылды

«Жыл сайын байқау  көрменің танымалдылығы артып, аясы барын­ша кеңейіп келеді. «Қазақ­станның үздік тауары» байқауында жеткен жеңісті кәсіпорындар шы­ға­ратын өнімдердің сапасына берілген жоғары баға әрі серік­тес­терге арналған «сенім карточкасы» деп карауына болады. Сонымен бірге, кез келген ұжым үшін үлкен мақтаныш. Биылғы көрмеге қатысқандар арасында жаңадан құрылған кәсіпорындардың көп болуы өңірде бизнестің қарқынды дамуы мен кәсіпкерлер үшін жаңа мүмкіндіктер ашылғанын аңғарта­ды», – дейді Алматы облысы кәсіпкерлер палатасы директо­рының міндетін атқарушы Әсет Шаяхметов.

Алматы облысының әкімі Амандық Баталов кәсіпорын павильон­дарын аралап, компа­ния­лардың байқауға дайын­дығына жоғары баға беріп, ұсы­нылған өнім түрлерінің сапа­сын айрықша атап өтті. Көрмеде кәсіпкерлер ауыл шаруашылығы, жеңіл және тамақ өнеркәсібі, жиһаз бен қағаз өнді­рісі, құрылыс, фармацевтика мен басқа да салалардағы тауарлар мен қызмет түрлерін паш етті.

Үздік кәсіпорындар «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар», «Үздік азық-түлік тауарлар», «Халық тұты­на­тын үздік тауарлар» және «Қызмет көрсету саласындағы үздік кәсіпорын» сынды төрт аталым бойынша анықталды:

«Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар» аталымы бойынша 1-орынды «КПК ZETA» ЖШС, 2-орынды NOVUS POLYMER ЖШС, 3-орынды ISKER COMPANY ЖШС иеленді.

«Үздік азық-түлік тауарлар» аталымында 1-орын «Когер ЛТД» ЖШС-ға, 2-орын «Молдасанова Этно-ресторан Асқар-Тау» жеке кәсіп­керлігіне, 3-орын   «Перво­май­ские деликатесы» ЖШС-ға берілді.

«Халық тұтынатын үздік тауар­лар» аталымында «Интеллсервис» ЖШС 1-орын иегері атанса, 2 және 3-орындарды «Адили Текс­тиль» ЖШС мен Аксель және А ЖШС иеленді.

«Хакимова» жеке кәсіпкерлігі «Қызмет көрсету саласындағы үз­дік кәсіпорын» аталымы бойын­ша үздік болып танылды. Мұндағы екінші орын Alakol Resort жеке кәсіпкерлігіне, үшінші орын TUMAR көпсалалы клининг компа­ния­сына бұйырды.

Жеңімпаздар байқаудың республи­калық кезеңіне қатысуға жолда­ма алды және оларға арнайы дип­лом­, ақшалай сертификат тапсырылды.

Өңір басшысы кәсіп­кер­лерге облыс экономикасына қосқан қомақты үлестері үшін алғыс білді­ріп, мемлекеттік бағ­дарлама­ларға белсенді қаты­­суға, жобаларын индус­триал­ды аймақтарда іске асыруға шақырды.