5G: пайдасы мен зияны
5G: пайдасы мен зияны
668
оқылды
5G 2009 жылы пайда болған 4G-дің із­ба­сары деуге болады. Бұл жүйе 4G-ден мың есеге дейін жыл­да­мырақ. Мәселен, қолданушы толық метражды фильмді ап-анық күйінде бірнеше секундта-ақ жүктей алады. Сондықтан 5G бізді са­палы видеоларымен, әртүрлі VR-форматтарымен қуантуы әбден мүмкін. Басты мақсат – тек ойын-сауықты да­мыту емес. Бұл бизнес үрдісінде жаңа кезеңнің туындауына әсер етпек. Заманауи бизнес әлдеқашан цифрланған, енді оған өнімділіктің жаңа айналымы қажет. Қарапайым тұтыну­шы­лар 5G желісінің жылдамдығын қажет ете бермегенімен, жаңа техно­логия­лар­ды енгізгеннен кейін оған деген қажеттілік мін­детті түрде пайда болатыны сөзсіз.  

Бюджет қаржысы жұмсалмайды

Елімізде «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясын­да 5G технологиясын енгізу жос­пар­ланған. Наурыз айында Пре­зиденттің қатысуымен өткен мем­лекеттік бағдарламаны жүзеге асыру жөніндегі кеңесте 5G ірі қалаларда енгізілетіні айтылды. Қазіргі таңда Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында 5G пилоттық жобасы іске асырылып жатыр. «Қазіргі кезде елімізде смарт­фондарда пайдаланылып жүр­ген 4G технологиясы кеңінен та­ра­ған. Енді 5G іске қосылатын жиілік спекторы бойынша жұ­мыстар атқарылуда. Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкентте тесті­лік аумақтарды қойдық. Тестілеу нәтижесі интернеттің жақсы нә­тижесін көрсетті», – деді «Қа­зақ­­телеком» АҚ басқарма бас­шы­сы Қуанышбек Есекеев. Осы орайда, жаңа технологияны да­мытуда қаржыны байланыс опе­раторларының өздері салады. «Операторлар 5G енгізуге қар­жы салады. Цифрлық даму, ин­но­вациялар және аэроғарыш өнер­кәсібі министрлігінде осы тақы­рыпқа қатысты талқылаулар жүр­гізілуде», – деді компания бас­шысы. Бұл тұрғыда 5G желісін бір­неше оператордың бірлесіп пай­далануы туралы ұсыныстар ай­тылды. Бірлесіп пайдалану өз­ге елдердің тәжірибесінде бар. Мәселен, Ұлыбританияда British Telecom операторлары елді біртұтас инфрақұрылымды опе­ратор жасауды жоспарлап отыр. АҚШ, Жапония және Оң­түстік Кореяда желіні бірнеше опе­­раторлар арасында аймаққа бөліп, ортақ бір желіні бірігіп пай­­далану көзделген екен. Бұл 4G желісінің құрылысында да жиі қолданылып келген. Беларусьте 4G желісі бірыңғай мемлекеттік оператор BeCloud-тың көмегімен са­лынды, ал Қазақстанда Beeline жә­не Kcell арасында 4G желісін бі­рі­гіп пайдалану туралы келісім бар.  

Ол бізге не береді?

5G мобильді желілерін ен­гізу – әлемдік тренд. Бұл өз ке­зе­­гінде жаңа мүмкіндіктерге жол ашпақ. Біріншіден, жоғары жыл­­­дам­дықпен алыстағы ауыл-ай­мақтар мен қала сыртындағы елді ме­кендерді қамтамасыз етпек. Ин­тернет жоғары жылдамдықта бол­са, телемедицинаның дамуына сеп­тігін тигізері сөзсіз. Сонымен бір­ге елдегі мектептердің жар­ты­сынан көбі ауылдық елді ме­кен­дерде екенін ескерсек, за­ма­науи сандық білім беруде байланыстың бесінші буынының көмегі зор бол­мақ. Екіншіден, 5G қымбат тех­нология болғанымен, барлық або­ненттерге байланыстың бірыңғай сапа деңгейі мен трафикке ба­ға­лардың төмендеуі болады. Ал «жаңа желі құрылысына ке­ректі инвестициялар 4G желі­сімен салыстырғанда төрт-бес есеге қымбат болады», – дейді са­рапшылар. Үшіншіден, IT са­ласының дамуына және мемлекетті цифрландыруға үлес қосады. Ұлт­тық экономика министрлігінің деректері бойынша, соңғы он жыл­да елімізде желіні дамыту мен жабдықтауға 1 трлн теңге ин­вестиция салынған. Оның тең жар­тысы «Қазақтелеком» АҚ-на тие­сілі.  

5G-дан келер қауіп бар ма?

Жаңа технологияның пайда­сы­мен қатар зияны да ілесе жүрмек. 5G-ге көшу үшін стансалар жиі ор­натылмақ. Көпшілік антенна са­нының артуы адам ағзасына зиян тигізетінін айтуда. Мамандар мұны растайды. Жылдам жұмыс іс­тейтін электромагниттік желінің тол­қындары адам денсаулығына кері әсерін тигізбей қомайды. Дәрі­­герлердің сөзінше, денедегі тін­­дер аталған толқындарға бейім­делгенімен, бас ауруы, қан қысымы мен жүрек соғысы жиілейді екен. Жақында Цифрлық даму, ин­но­вациялар және аэроғарыш өнер­кәсібі министрі Асқар Жұма­ға­лиев адам денсаулығына ұялы бай­ланыс антенналарының әсе­рі туралы айтып, алаңдамауға ша­қырды. «Әрбір базалық станса үшін тиісті санитарлық паспорт бе­ріледі. Тұрғын үйдің үстіне ұялы бай­ланыс антеннасы міндетті са­нитарлық аумақ талаптарына сәй­кес орнатылады. Сондықтан тұр­ғындарға алаңдаудың реті жоқ» деген болатын. Тағы бір мә­селе, бұрынғы желілерге қара­ған­да 5G-ге бұзып кіру қиын. Сон­дықтан қазір бұл мәселе үлкен алаңдаушылық тудырып отыр. Ма­мандар Қытайдың 5G жабдығы, чип­тері, бағдарламасы басқа мем­лекеттерде шпиондық жасауға бейім­делуі мүмкін деген пікірде. Мә­селен, былтыр Австралия өзі­нің телекоммуникациялық опе­раторларын Huawei және ZTE ком­панияларының 5G-мен жаб­дықтауына тыйым салған. Verizon мен оның бәсекелесі AT&T болса, Huawei телефондарын сату жос­па­рын тоқтатқан болатын.  

5G-ді қолдана бастады

Былтыр сәуір айында Оң­түс­тік Кореяның SK Telecom ком­­­­паниясы бүкіл ел аумағында 5G қызметін іске қосты. Ал Samsung Electronics осы сымсыз ин­тер­нет желісіне бейімделген те­ле­­фондарын сата бастады. Ал АҚШ Verizon Communications ком­паниясы Миннеаполис пен Чи­ка­года 5G сервисін енгізген. Ал AT&T компаниясы 5G-ді өткен жыл­дың соңында толық іске қос­ты. Көптеген компания жаңа же­ліге сәйкес смартфондар шығу ісін бас­тап кеткен. Біз сөз етіп отырған теле­ком­муникация жүйесінің бесінші са­ты­сы биыл Еуропада толық ен­гі­зілмек. Euronews ақпараты бойын­ша, Еуропалық комиссия бұл жүйені келесі онжылдықта цифрлы экономика мен қоғамға ең маңызды блок болады және 5G жа­­­­санды интеллектінің артуына әсер етеді деген сенімде. «Еуроодақ бұл технология бойынша 2016 жы­лы жоспар құрып, 2020 жылы 5G 28 мүше-мемлекетте іске қо­сы­латынын айтты. 2014 жылдан бас­тап одақ 5G технологиясына 700 мил­лион еуро жұмсады, сонымен қа­тар жеке сектор 3 млн еуро ин­вестиция салды» деп жазады Euronews. 2024 жылы әлемде 5G-ге қосылған гаджеттер саны 22 мил­лиардқа жетеді деген болжам бар. Не де болса, бұл қазіргі тех­но­логия заманында қажет екені дау­сыз. Алайда оны тиімді енгізе білу, қаржыны үнемдей білу және ең бас­тысы адам денсаулығына кері әсе­рін тигізбеуін қадағалау басты на­зарда болуы тиіс деген ойдамыз.  

Сұңқарбек БАТАНҰЛЫ

 width=