Танымал тележүргізуші Майя Бекбаева «Бірлік» медалімен марапатталды
Танымал тележүргізуші Майя Бекбаева  «Бірлік» медалімен марапатталды
296
оқылды
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Жансейіт Түймебаев танымал тележүргізуші Майя Бекбаеваны Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік» алтын медалімен марапаттады. Айта кетейік, «Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік» алтын медалі» елдегі патриотизм мен мәдениетаралық келісімді дамытуға және қоғамдағы бейбітшілік пен келісімнің нығаюына, қазақстандық патриотизмді қалыптастыруға қосқан елеулі үлесі үшін тапсырылады. Қазақстан халқы Ассамблеясы Журналистер клубының төрайымы Бекбаева Майя Төлегенқызы 1979 жылы Шығыс Қазақстан облысында Семей қаласында дүниеге келген. Алматыдағы әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетін тәмамдаған. 2019 жылдан бастап «Kazakh TV» арнасының басшысы қызметін атқарып келеді.