Қазақстандықтар қаржы пирамидасына 3,9 млрд теңге салып тастаған
Қазақстандықтар қаржы пирамидасына 3,9 млрд теңге салып тастаған
©Сурет интернеттен алынды
103
оқылды
ІІМ хабарлағандай, Павлодарда қаржы пирамидасының қызметі тоқтатылды. Оған инвесторлар 3,9 млрд теңгеден астам қаражат салған екен. Павлодар қаласының экономикалық тергеу бөлімінің қызметкерлері анықтағандай, бұл қаржы пирамидасы өткен жылдың қазан айынан бастап жұмыс істеген. Сол аралықта Қазақстанның 17 қаласы мен 14 облысында филиалын ашқан.
 «Олар қандай да бір қымбат мүлікті сатып алу үшін азаматтарға алдымен кіру ақысын төлеткен. Ол – 180 мың теңге. Қалған ақшасын ай сайын 50 мың теңгеден 10 айдың ішінде жауып тастайтынын сендірген. Салынған 180 мың теңгенің 100 мыңы компьютердегі есепшотта қалып отырған.  Ал 80 мыңын арнайы құрылған ЖШС-нің есепшотына аударылды. Міне, осылайша, қаржы пирамидасының барлық белгілері көрініп тұр. Бүгінгі таңда  осы пирамидаға салымшылардың 3,9 млрд теңгеден астам ақшасы салынған» делінген хабарламада.
Қазір Қылмыстық кодексінің 217-бабында «Қаржы (инвестициялық) пирамида құру және басқару» көзделген мүлікті тәркілеуден бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру бойынша қылмыстық іске қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды.