Қазақстанның бірнеше өңірінде күн күркіреп, бұршақ жауады

Қазақстанның бірнеше өңірінде күн күркіреп, бұршақ жауады

Елордада және бірқатар облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК. Ақмола облысында 17 маусымда найзағай ойнап, бұршақ жауады. Солтүстік-шығыстан, солтүстіктен жылдамдығы 15-20 м/с жел соғады. Облыстың басым бөлігінде өрт тұтану қаупі бар. Нұр-Сұлтан қаласында 17 маусымда найзағай ойнап, солтүстіктен екпіні 15-18 м/с жел соғады. Ескертудің ықтималдығы 85-90%. Солтүстік Қазақстан облысында 17-18 маусымда түнде және таңертең кей жерлерге тұман түседі. Найзағай ойнап, батыстан соққан желдің бағыты солтүстікке ауысып, жылдамдығы 15-20 м/с болуы ықтимал. Петропавлда 17-18 маусымда батыстан соққан желдің бағыты солтүстікке ауысып, жылдамдығы 15-20 м/с болуы мүмкін. Ескертудің ықтималдығы 90-95%. Қарағанды облысында 17 маусымда найзағай ойнап, дауыл соғады және бұршақ жауады. Солтүстік-шығыс, солтүстіктен соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады. Қарағандыда түнде күн күркіреп, солтүстік-шығыс, солтүстіктен жылдамдығы 15 м/с жел соғады. Ескертудің ықтималдығы 75-80%. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде 17 маусымда найзағай ойнайды. Күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Солтүстік-шығыс, шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады. 17 маусым күндіз Қостанай облысында күн күркірейді. Солтүстік-батыс, батыстан соққан желдің екпіні 18 м/с-ке жетеді. Ескертудің ықтималдығы 90-95%.