Бетпердесіз билеймін деп жазаға тартылған әкім
Бетпердесіз билеймін деп жазаға тартылған әкім
©Сурет интернеттен алынды
Әкімнің айтуынша, ол қызметкерлерінің көңіл-күйін көтеріп, бір серпілтіп алмақшы болған.
Негізі бұл бейнероликті ауыл әкімі Аманқазы Наукенов мәдениет және өнер қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай түсірген. Ол биді Жәйрем кентіндегі мәдени-демалыс орталығы ғимаратында ұйымдастырды.
[embed]https://youtu.be/DcljfWwspGE[/embed] Міне, сол видео әлеуметтік желілер мен Whatsаpp арқылы ер арасына тез таралып кетті. Таралып қана қоймай, жергілікті тұрғындардың наразылығын тудырды. Олардың айтуынша, мемлекеттік қызметкерлер халықты карантин режимін сақтауға шақырғанда бәледей. Бірақ соған қарамастан өздері топтасып жиналып,  жаппай іс-шара өткізеді. Ал өздерінің не қолына қорғаныс қолғаптарын, не бетперде кимеген.
Жәйрем кентінің әкімі қарайтын Қаражал әкімдігіне осындай толассыз қоңыраулар түсе бастаған. Сонымен, Қаражал қаласы әкімдігі Жәйрем кентінің әкімін жазаға тартқан. Баспасөз қызметінің хабарлауынша, Аманқазы Наукенов қызметтік тергеу нәтижесі бойынша тәртіптік жазаға тартылған.   
Ол шынымен де 21 мамыр күні қызметкерлерімен бірге флешмоб ұйымдастырған екен.