Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Жаңалық жаршысы. Ресми ақпарат. Жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Жаңалықтар

Шығыстағы Күршім ауданында қар жауды

А.Ахметқазы
Маусым 16, 2020
Жаңалықтар
қар

©Сурет автордікі

899
қаралым

Табиғат ана қызық қой. Жер бетінің бір бөлігінде жаздың күні қыс болып жатса, екінші бетінде қыстың күні жаз шығып, жаңбыр жауып жатады.

Осындай жағдай кеше Шығыс Қазақстан облысының Күршім ауданының аумағында да тіркелді. Дәлірек айтсақ,  Күршім ауданының Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін паром өткелі аумағында қызыл асықтан қар жауып, жасыл кілем жамылған таулы аймақ бір-ақ сәтте қыс шекпенін жамылды.

Табиғаттың тосын құбылысын Өскемен – Көкпекті – Күршім бағытындағы күре жолмен қатынаған жолаушылардың көпшілігі ұялы телефондарына түсіріп, әлеуметтік желіге жүктеп жатыр. Жолаушылар қалың қардың жазғы дөңгелекпен жүрген көліктерге де, паром қызметіне де айтарлықтай қиындық туындатқанын айтады. Дегенмен, жолда қалу, паромның кестеден кешігуі сияқты жағдайлар орын алмаған. Алайда, жұрттың басым бөлігі жаңбыр араласқан бұршақ пен қардың қалың түсуінен жайқалып тұрған бау-бақша зардап шеге ме деп қатты алаңдауда.

Жалпы Шығыс өңірінде сәуір-мамыр айларының ішінде қар аралас бұршақ жауатыны үйреншікті жағдай. Әсіресе, Катонқарағай, Күршім, Алтай, Ұлан аудандарында, Зайсан мен Тарбағатайдың таулы бөліктерінде бұл айларда күн суытып, қар жауатынына жергілікті тұрғындар үйренген. Ал мына жағдай – мамыражай маусым айының ортасында қалың қардың басып салуы көптен бері болмаған табиғат құбылысы. Айтпақшы осы маусым айының алтысы күні Зайсан ауданының таулы аймағы – Шүршітсу ауылында да кәдімгідей қар басып салған болатын.

Алдағы күндері Қазақстанда -23 градусқа дейін аяз болады

23 ақпанға арналған ауа райы болжамы

22 ақпанға арналған ауа райы болжамы

Күршімге өтетін паромға дейін Өскемен қаласынан шамамен 150-160 шақырым. Ол аумақта қар басып жатса, ал облыс орталығында бүгін ауа температурасы 32 градус ыстық. Осылайша, айналасы 200 шақырым радиустың аумағында қыс пен жаз қатар келіп жатыр Шығыста. Бұл да табиғаттың тылсым құпияларының бірі демеске лажың жоқ.

 

Дәурен Аллабергенұлы,

Шығыс Қазақстан облысы

    

 
Тегтер: АлтайЗайсанКатонқарағайКүршімқарӨскементабиғатҰлан аудандарында
Алдыңғы жаңалық

Жамбыл облысы әкімінің тағы бір орынбасары орнын босатты

Келесі жаңалық

79 жастағы кемпірді құрбысы сабап кеткен

Ұқсас жаңалықтар

Боран
Жаңалықтар

Боранда жүргізушілерге жүгіріп жүріп жол көрсеткен полицей марапатталды

Ақпан 24, 2021
Түркістан
Жаңалықтар

Түркістаннан Ыстанбұлға халықаралық әуе рейсі ашылады

Ақпан 24, 2021
Қостанай
Жаңалықтар

Қостанай облысы тұрғынынан мыңнан астам героин дозасы тәркіленді

Ақпан 24, 2021
Instagram
Жаңалықтар

Instagram-да алаяқтар жүргізуші куәлігін сатып жүр

Ақпан 24, 2021

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Боранда жүргізушілерге жүгіріп жүріп жол көрсеткен полицей марапатталды

Ақпан 24, 23:22

Түркістаннан Ыстанбұлға халықаралық әуе рейсі ашылады

Ақпан 24, 22:43

Қостанай облысы тұрғынынан мыңнан астам героин дозасы тәркіленді

Ақпан 24, 22:23

Instagram-да алаяқтар жүргізуші куәлігін сатып жүр

Ақпан 24, 21:45

Ермұхамет Ертісбаев: Қазақстанға төңкеріс керек пе?

Ақпан 24, 21:18

Үш облыста көлік қозғалысына шектеу қойылды

Ақпан 24, 21:07

Елорданы цифрландыру: 2020 жылы тіркелген қылмыс саны 30%-ға азайды

Ақпан 24, 20:47
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru
  • www.aikyn.kz
  • www.facebook.com/aіkyn.kz
  • www.twitter.com/aikyn_gazeti

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

Басты жаңалықтар

Боран

Боранда жүргізушілерге жүгіріп жүріп жол көрсеткен полицей марапатталды

Ақпан 24, 2021
Түркістан

Түркістаннан Ыстанбұлға халықаралық әуе рейсі ашылады

Ақпан 24, 2021
NurMedia Nur otan
Яндекс.Метрика
  • РЕДАКЦИЯ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАЗЫЛУ

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Онлайн жазылу
  • Жаңалықтар
    • Әлеумет
    • Саясат
    • Экономика
  • COVID-19
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»