79 жастағы кемпірді құрбысы сабап кеткен
79 жастағы кемпірді құрбысы сабап кеткен
©Сурет интернеттен алынды
4 маусымда Іле ауданының орталық аудандық ауруханасына Жетіген ауылының 79 жастағы тұрғыны келіп түскен.
Жауап алу барысында егде жастағы әйел жалғыз тұратыны белгілі болды. Ол дене жарақатын үйінде құлағаннан алдым деді. Сол себепті де ол сот-медициналық сараптамадан өтуден және арыз беруден бас тартқан.
[embed]https://www.instagram.com/tv/CBew789l5Kr/?utm_source=ig_web_copy_link[/embed] Бірақ тергеу барысында тәртіп сақшылары зейнеткерді құрбысы, Жетіген ауылының тұрғынын сабап тастағанын анықтаған. Аталған дерек ҚР ҚК 107-бабы 1-бөлігі "Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтiру" бойынша тіркелді. Айғақ зат қылмыс құралы ретінде сараптамаға жіберілді. Күдікті мекен-жайын өзгертпеу туралы қолхатпен босатылды. Істің барлық егжей-тегжейлі мән-жайлары сотқа дейінгі тергеу барысында белгілі болады. Тергеу жалғасып жатыр.