Оқиға Қазталов ауданы Бостандық ауылында болған. Кейбір мәліметтер бойынша, баланы байлап қоюға өгей әкесінің жеңгесі мәжбүрлепті. Өңірдің полиция департаменті азаматта психикалық ауытқу бар екенін анықтады. [embed]https://youtu.be/cln_g21rhJ0[/embed]
Оқиғаның жай-жапсарын заң өкілдері мен білім бөлімінің мамандарынан құралған арнайы комиссия анықтап жатыр.Болатбек Белгібеков, БҚО ПД ресми өкілі:
"1991 жылы туған ер азамат өзінің 2016 жылғы туған өгей баласын есік алдындағы қораға қамап ұстаған. Осы фактіге байланысты ҚР ҚК 126 бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды".