Қазақстандықтар Kaspi.kz арқылы бюджетке 7.5 миллион онлайн төлем жасады
Қазақстандықтар Kaspi.kz арқылы бюджетке 7.5 миллион онлайн төлем жасады
222
оқылды
Еліміздегі жетекші ұялы қосымшамен ық­палдасу нәтижесінде қазақстандықтар са­лық пен бюджетке төлемді уақытынан ке­шікпей, онлайн жасай алады. Салықтың тө­ленгені туралы ақпарат мемлекеттік Кірістер ко­митетіне 2 минутта түседі. Бұл шоттағы бұ­ғатты жылдам шешіп, мемлекеттік қыз­мет­тер­ге қол жеткізуге, шот ашуға және басқа да қаржы өнімдерін пайдалануға мүмкіндік береді. Бұрын көлік немесе мүлік салығын төлеу үшін адам аудандық салық бөліміне барып, ал­­дымен көлемін білетін. Одан кейін банкке ба­­рып, кезекте тұрып, комиссия төлеп, тү­бір­текті көрсетіп, базаға енгізу үшін салық ор­ганына қайта баратын. Қазіргі жағдайда ол әрі қауіпті де. Енді салықты онлайн төлеу коммуналдық қыз­мет немесе ұялы байланысқа төлеу сияқ­ты қарапайым нәрсе болып қалды. Мұның ар­қасында тұрғындар төлеген салық көлемі 2,5 есе артты. Салық төлемдерінің көпшілігі Kaspi.kz мо­­­­бильді қолданбасы арқылы жасалған. Өт­кен жылы қазақстандықтар Kaspi.kz арқылы 155 млрд теңгелік 7,5 млн салық төле­мін жа­­саған. Бұл 2018 жылмен салыстырғанда 80%-ға артық. Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев ха­лықпен кездесу барысында оның ведомствосы мәліметтер базасына ауқымды тексеру жа­сағанын және салық дұрыс түсуі үшін әрдайым жақсартып отыратынын хабарлады. Қаржы министрлігі басқа да мемлекеттік органдармен бірігіп 25 млн мәліметті өңдеп, 3,6 млн-нан астам қате деректі түзеткен. Атап айтсақ, жылжымайтын мүлік бойынша – 2,6 млн, көлік құралы бойынша – 943 мың, жер учаскелері бойынша 116 мың мәлімет жаңартылған. Бұл – Қазақстан халқына салық туралы деректер дұрыс келеді деген сөз. Салықтық төлемдерді цифрландыру – жеке компаниялардың нарық жағдайында Қазақстан халқы мен мемлекетке пайдалы, ыңғайлы онлайн қызметтерді дамытып отыруының жақсы мысалы.