«Эйр Астана» ұшулардың халықаралық желісін қалпына келтіруде
«Эйр Астана» ұшулардың халықаралық желісін қалпына келтіруде
126
оқылды
«Эйр Астана» 20 маусымнан бастап мына бағыттар бойынша тұрақты әуебайланысын жандандырады: 20 маусым – Алматы – Анталия – Алматы 20 маусым – Нұр-Сұлтан– Cтамбұл – Нұр-Сұлтан 21 маусым – Алматы – Стамбұл –Алматы 21 маусым – Нұр-Сұлтан – Анталия – Нұр-Сұлтан 23 маусым – Атырау – Стамбұл – Атырау 1 шілде –  Алматы – Тбилиси – Алматы 8 маусымнан Алматы мен Сеул арасында апта сайынғы репатриациялық рейстер орындала бастады және 1 шілдеден бұл бағыттағы ұшу жиілігі  аптасына 3 рейске дейін ұлғаяды. 3 шілдеден бастап Алматы – Батуми бағытымен Қара теңіз жағалауына жаңа тұрақты рейс ашылады. Халықаралық рейстер, негізінде Airbus A320/A321 және Embraer E190-E2 әуекемелерімен орындалады. «Эйр Астана» Алматы мен Нұр-Сұлтан арасындағы рейстерді 1 мамырда жандандырды, ал Қазақстан аймақтарына маршруттық желіні мамырдың ортасында қалпына келтірді. Қытай, Оңтүстік Корея және Грузия­дан ұшып келетін жолаушыларымыз термометриядан өтіп, медициналық сауалнаманы толтыруы тиіс. Түркиядан келгендер термометрия мен сауалдаумен қоса, тиісті анықтамасы болмаған жағдайда СOVID-19 тестін ұшып келгеннен 48 сағат ішінде тапсыруы тиіс. Мұндай талаптардан тек Қазақ­стан Республикасының үкіметтік деле­гациялары,  Қазақстан Республикасының  Сыртқы істер министрлігінің шақыруымен келетін шетелдердің ресми делегациялары және халықаралық делегация мүшелері, дипломатиялық өкілдіктердің, консулдық ұйымдардың және Қазақстан Республикасында аккредиттелген халықаралық ұйымдардың қызметкерлері және олардың отбасы мүшелері, сондай-ақ әуекомпаниялары экипаждары босатылады. Бұдан басқа, шетелге ұшатын Қазақстан азаматтарына баратын елдің санитарлық талаптарын өз бетімен анықтап алулары тиіс.  

Серік ӘЛІМЖАНОВ, Алматы