Ұжымдық аяда ұлттық мүдде ұмытылмайды
Ұжымдық аяда ұлттық мүдде ұмытылмайды
Кеңестің кезекті көшпелі отырысы Душанбеде өтуі керек болатын. Алайда коронавирус індетінің таралуына байланысты күн тәртібіндегі мәселелер бейнеконференция форматында талқыланды. Отырысқа Армения, Бел­арусь, Қазақстан, Қырғыз Республикасы, Ресей және Тәжік­станның парламент басшылары, сондай-ақ Сербия мен Ауғанстан парламенттері ҰҚШҰ ПА бақы­лаушылары ретінде қатысты. Қатысушылар Парламенттік ассамблеяның 2021-2025 жыл­дар­ға арналған іс-шаралар бағдар­ламасының жобасын талқы­ға салды. Отырыста сөз сөйлеген Мәжі­ліс спикері Нұрлан Нығматулин құжат нормативтік-құқықтық баз­а­ны кеңейтуге және ғылыми-әдістемелік қамтамасыз етуді жетілдіруге бағытталған көп­­­теген тақырыптар мен бағыт­тарды қамтитынын атап өтті. Бағдарлама жобасы ҰҚШҰ ПА тұрақты комитеттерінде және ұлттық парламенттерде қаралады. – Модельді заңнаманы әзір­леу кезінде Ұжымдық қауіп­сіздік туралы шарт ұйымының ұстанымдары мен мақсаттарын, жарғысын басшылыққа ал­ып, сондай-ақ ұйымға мүше мемле­кет­тердің ұлттық заңнамаларын ескеруі қажет! – деп нақтылады Нұрлан Зайроллаұлы. Сонымен қатар жиынға қатысушыларға ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің күзгі сес­сиясының қорытындылары, ұйымның жауапкершілік аума­ғындағы ахуалы, ұжымдық қауіп­сіздікке төнетін қатер мен қауіптерге қарсы іс-шаралар және ҰҚШҰ аясында бекітілген халықаралық шарттарды рати­фикациялау туралы ақпарат берілді.  

Айхан ШӘРІП