Дексаметазон препараты коронавирус жұқтырып, жасанды тыныс алдыру аппаратына қосылған науқастардың жағдайын оңалтуға көмектеседі. Мұндай шешімге Ұлыбритания ғалымдары келген. Бұл ақпарат Оксфорд университетінің сайтында жарияланған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. RECOVERY клиникалық зерттеуі Ұлыбританияда наурызда басталған. Жобаға жалпы 11 500 науқас 175 аурухана бойынша қатысып, түрлі дәрі-дәрмекті сынақтан өткізген.
Зерттеудің басы-қасында жүрген Оксфорд университетінің профессоры Питер Хорбидің (Peter Horby) сөзінше, дексаметазон - COVID-19 кезінде өмір сүру деңгейін жақсартатыны анықталған алғашқы препарат."Бұл - тың жаңалық. Дексаметазон енді науқастарды емдеу стандарты болуы керек. Дексаметазонның бағасы қымбат емес және дүние жүзіндегі адамдардың өмірін құтқару үшін қолдануға болады", - деді ол.Профессор Мартин Лендрей RECOVERY зерттеуінің алдын ала нәтижесі белгілі - дексаметазон ауыр респираторлық асқынулары бар науқастар арасында өлім қаупін төмендететіні көрсеткенін айтады.