"Жалпы территорияға жерлеп жатыр": Коронавирустан қайтыс болғандардың туыстары шу шығарды
"Жалпы территорияға жерлеп жатыр": Коронавирустан қайтыс болғандардың туыстары шу шығарды
© azattyq-ruhy.kz
117
оқылды
Атырауда бүгін коронавирустан тағы үш адам көз жұмды. Үшеуі де Жылыой ауданының тұрғындары. Марқұмдардың туыстары жерлеу рәсімі дұрыс ұйымдастырылмағанын айтып шағымданды, - деп хабарлайды Астана телеарнасы. Мәйіттерді орталық зиратқа көму туралы шешімдері күдік ұялатқан.
«Жалпы территорияға жерлеп жатыр. Содан күмән туып тұр. Демек, мына кісі коронавирустен қайтыс болған жоқ. Олар жәй есеп беру үшін, жазып алды. Індеттен өлді деп бізге айтты. Келдік. Не имам жоқ. Не санитар дәрігер жоқ. Жерлейтін адам да жоқ», - дейді марқұмның туысы.
Облыстық ішкі саясат басқармасы  індет құрбандарына арнайы жер жалпы қорымдардың шет жақтарынан бөлінгенін айтты. Бұл - бас санитардың қаулысымен жасалды деп түсіндірді. Ауданарда да зираттардың шет жағынан орындар әзірленіпті. Түсіндірме жұмыстарынан соң марқұмдардың бірінің туыстары қала маңында жерлеуге келісім берсе, екіншісі туған жері - Жылыой ауданына мәйітті алып кеткен.