1 шілдеден бастап кейбір қазақстандықтар толық медициналық көмек ала алмауы мүмкін
1 шілдеден бастап кейбір қазақстандықтар толық медициналық көмек ала алмауы мүмкін
©Сурет интернеттен алынды
140
оқылды
Бұл жайында Міндетті әлеуметтік медицина сақтандыру қорының директоры Сәуле Аймұхамбетова мәлімдеді. Оның айтуынша, 2020 жылға  жиналған 3,8 млрд теңге, ол облыстың 714 мың тұрғынына төленген. Олар тым болмағанда бір рет ақшалай жарнасын төлегендер. Ал тұрақты түрде  түсіп отырған 643 мың жарна 90 мың адамға тиесілі.
"Арасында 100 мыңға жуық адам мүлдем МӘМС-ті төлемеген. Ал талап бойынша сақтандырылу үшін тұрғындардың барлығы 1 қаңтардан бастап, яғни 6 айға жарна төлеуі керек. Кім мұны жасамаса, түрде ауруханаға жеткізілмей, қымбат емді тегін ала алмайды - деді Сәуле Аймұхамбетова.
Естеріңізге салсақ, 1 шілдеден бастап Қазақстанда міндетті медициналық сақтандыру жүйесі жұмыс істей бастайды. Яғни, медициналық көмек сақтандырудің көлемі бойынша тегін көрсетіледі. Бұл жүйе бұған дейін енгізу бірнеше рет кейінге қалдырылды. Бірақ енді тұрғындардың төлем жасаса да, жасамаса да шартты  тұрде сақтандырылуы міндетті. Соған орай біраз азаматтар кейбір қызметтерді ала алмауы да мүмкін. Мәселен, облыстың 30 мың тұрғынның жұмыс берушілері сақтандыруды тұрақты төлемейді екен.