Ауыл тұрғындары көшбасшы партияға алғыс айтуда
Ауыл тұрғындары көшбасшы партияға алғыс айтуда
Әлеуметтік проблемалардың дер ке­зінде шешілуі – Елбасы саясатын тындырымды жүзеге асырып отырған­ның нәтижесі. «Nur Otan» партиясы Атырау облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Н.Ожаев бастаған Партиялық бақылау комиссиясы Мақат және Қызыл­қоға ауданына жұмыс сапарымен барды. Іссапар «Nur Otan» пар­тия­сы Төрағасының Бірінші орын­басары Бауыржан Бай­бек­тің мұнайлы өлкедегі жұмыс са­парының хаттамалық тапсыр­ма­сына сәйкес ұйымдастырылды. Іссапар барысында аудан­дағы бірқатар өзекті мәселелер күн тәр­­тібіне қойылды. Іссапар ­ая­сында Мақат ауданы әкімі Ш.Кей­кин аудан халқы тара­пынан айтылған проблемалар бойынша атқарылған істер туралы баяндады. «Бірлік» шағынауданында теміржол үстімен өтетін жаяу жүргіншілер көпірін салу қажеті туралы шешімге сәйкес, партия Орталық аппаратына ақпарат енгізу тапсырмасы бойынша, Доссор кенті «Бірлік» ықшам­ауда­ны тұрғындарымен кездесу өткізіліп, теміржол үстімен өтетін жаяу жүргіншілер көпірін салудың қажеті жоқ екені ше­шілді. Келісім бойынша «ҚТЖ» АҚ-ның Атырау филиалымен «Бірлік» ықшамауданында жаяу жүргіншілерге арналған темір­жол өткелі салынып бітті. Б­ү­гін­де арнайы жол төселіп, қа­уіп­сіздік белгілері қойылып, пойыз келе жатқанын және жүрер алдында белгі беру қондырғысы мен бағдаршам қойылған темір­жол өткеліне халық риза. Аудан тұрғандары мектепке баратын балалары үшін енді қорықпай­тынын жеткізді. Сондай-ақ Доссор ауруха­насына екі жаңа жылу қазандық алу, орнату және іске қосылуын қамтамасыз ету тапсырмасы бо­йынша, Доссор ауылдық ауру­ханасына жалпы құны 8,4 млн теңге құрайтын 2 жылыту қазан­дығы орнатылып, іске қосылды. Қалған 11 тапсырманың орын­далуы биыл қыркүйек-қазан айларына жоспарланып отыр. Атап айтқанда, «Бірлік» шағынауданына ұзындығы 2,2 км кентішілік көше жолдарына асфальт жабындысын төсеуге және ұзындығы 1,8 км болатын жаяу жүргіншілер жолын салу, ұзындығы 2,2 км болатын көше жарығын жүргізу жұмыстарын алдағы айларда орындау жос­парланған. Доссор ауылдық ауруханасы терезелеріне жөндеу жұмыста­рын аяқтау тапсырмасы бо­йынша, терезе жөндеу жұмыс­тары маусым айының соңына дейін аяқталады деп жоспар­лануда. Мақат кентінде салынып жатқан Жастар орталығы құры­лысын аяқтау тапсырмасы бо­йынша, қазіргі таңда құры­лыс­тың 95 пайызы орындалған. Атал­ған ғимаратты тапсыру  шілде айына жос­парланып отыр. Мақат кен­тінде салынып жатқан 3 қатарлы 60 пәтерлік тұрғын үй құры­лысын аяқтау тапсырмасы бо­йынша, қазіргі уақытта құ­ры­лыстың 93 пайызы аяқталды. Көгалдандыру, ас­фальт төсеу және де үйдің ішкі бетін әктеу, сырлау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Құрылыстың аяқталуы, елімізде енгізілген тө­тен­ше жағ­дайларға сәйкес ке­йін­ге ше­ге­ріліп, ағымдағы жыл­дың 30 та­мы­зына жоспар­лануда.  

Тұрсын ЖҰМАБЕКҚЫЗЫ, Атырау облысы