Жағажайларға тексеріс жүргізді
Жағажайларға тексеріс жүргізді
203
оқылды
Демалушылардың қауіп­сіздігі үшін қайықтарда «Су сағаты» және жабдықталмаған жағажайлар мен қауіпті шомылу орындары тексерілді. Моторлы қайықта су патрулінің қатысу­шылары Ертіс және Үлбі өзенде­рінің жағалауымен 10 шақы­рым­нан астам жағажай аймағын бақылады. Самал жағажайы мен KНМ аймағында жабдықталмаған су қоймасы ерекше назарға алын­ды. Демалушыларға қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажет­тілігі туралы және осы тақырып бойынша парақшалар тара­тылды. Сондай-ақ «Nur Otan» пар­тиясы жанындағы «Jas Otan» Жастар қанатының Бесқарағай аудандық бөлімшесінің бел­сенділері мен Төтенше жағдай­лар басқармасының қызмет­керлері де өзен жағалауларына барып, аталған төңірекке ба­қылау жүр­гізді. Олар өзен ма­ңын­дағы қа­уіпсіздікті арттыру үшін ондағы сақтық шараларын тексерді. Рейд ба­ры­сында тұр­ғын­дарға түсін­дірме жұмыстары жүргізіліп, арнайы парақшалар таратылды. Шомылу маусымы кезінде еріктілер алдын алу рейдтік ша­раларына қатысады және құт­қа­ру­шылармен жаппай жүзудің қа­уіпті жерлерімен жұмыс істейді.  

Әбілмансұр ЖАСАН