Демалушылардың қауіпсіздігі үшін қайықтарда «Су сағаты» және жабдықталмаған жағажайлар мен қауіпті шомылу орындары тексерілді. Моторлы қайықта су патрулінің қатысушылары Ертіс және Үлбі өзендерінің жағалауымен 10 шақырымнан астам жағажай аймағын бақылады. Самал жағажайы мен KНМ аймағында жабдықталмаған су қоймасы ерекше назарға алынды. Демалушыларға қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажеттілігі туралы және осы тақырып бойынша парақшалар таратылды. Сондай-ақ «Nur Otan» партиясы жанындағы «Jas Otan» Жастар қанатының Бесқарағай аудандық бөлімшесінің белсенділері мен Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері де өзен жағалауларына барып, аталған төңірекке бақылау жүргізді. Олар өзен маңындағы қауіпсіздікті арттыру үшін ондағы сақтық шараларын тексерді. Рейд барысында тұрғындарға түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, арнайы парақшалар таратылды. Шомылу маусымы кезінде еріктілер алдын алу рейдтік шараларына қатысады және құтқарушылармен жаппай жүзудің қауіпті жерлерімен жұмыс істейді.
Әбілмансұр ЖАСАН