Шешен мен араб арасындағы жаңа қақтығыстың туындамауы үшін француздар арнайы жасағын Дижонға жіберді. Ол жақта тәртіпсіздіктің созылып жатқанына бірнеше күн болды.
Дижондағы көшелердегі тоқтаусыз төбелестер толастамады. Сондай төбелестің бірінде, сейсенбінің кешінде полиция қақтығыстың төрт қатысушысын ұстады.[embed]https://youtu.be/SllTPIpcIsc[/embed] Онда да оларды тұтқындау шешімін билік Бургундиядағы жағдайдан кейін қабылдады. Ел астанасындағы барлық БАҚ мен әлеуметтік желілерде әдеттегідей оппозиция биліктің әрекетсіздігін бетіне басып, шулатқан болатын. Соған байланысты Ішкі істер министрі Лоран Нунес Дижонға 150 арнайы жасақ әскерімен баруға мәжбүр болған.
Енді, француз билігі шешендер мен Солтүстік Африка тектес жергілікті тұрғындардың қатысуымен болатын қақтығыстың ұйымдастырушыларын қатаң түрде жауапқа тартатынын ескертті.