Бұл жайында 42 жастағы марқұм Владимир Горбушинның қарындасы хабарлады. Оның айтуынша, 8 маусым күні түнгі сағат 22.00-де Қостанай – Әулиекөл – Сұрған тас жолының 60 шақырымында болған.
Апат Қостанай облысы Әулиекөл ауданы, Лаврентьевка ауылынан бірнеше шақырым жерде орын алған. Жаяу жүргінші жолағынан өтіп бара жатқан азаматты Toyota Land Cruiser көлігі қағып, тоқтамастан ізін суытқан. Соның салдарынан азамат ауруханаға жетпестен, көз жұмған.Қазір марқұмның қарындасы қылмыскерді ұстауға көмек сұрауда.