«Nur Otan» партиясын қолдайтын жақтастар Лигасы саяси қозғалыс құрды
«Nur Otan» партиясын қолдайтын жақтастар Лигасы саяси қозғалыс құрды
©Айтжан Мұрзанов
198
оқылды
Бірқатар ел азаматтары елдің қоғамдық-саяси процестерінің өзекті мәселелері туралы мәлімдеме жасады және «Nur Otan» партиясын жақтастар Лигасының құрылғаны туралы хабарлады. [caption id="attachment_51486" align="alignnone" width="1200"]Nur Otan Саиров ©Айтжан Мұрзанов[/caption] Еуразиялық интеграция институтының директоры, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі, саясаттану ғылымдарының кандидаты Е. Саиров «Қазақстан халқы әрқашан революциялық емес, эволюциялық даму жолын таңдады. Сондықтан «Nur Otan» жақтастар Лигасы қиын әлеуметтік мәселелерді шешу, қоғамдық-саяси процестердің парадигмасы нақты саяси күш – «Nur Otan» партиясы төңірегінде саналы шоғырлануды қамтамасыз ететін диалог пен консенсусқа негізделуі керек деген қағиданы ұстанады. Пікірлердің плюрализмі және әлеуметтік әділеттілік – дамудың маңызды шарты» деп атап өтті. Саясаттанушы Э. Полетаевтың айтуынша, «Nur Otan» партиясында праймериздің жариялануына байланысты көптеген азаматтар саяси процеске қатыса алатындай оң өзгерістер орын алмақ. Біздің еліміздің болашақ траекториясы және мемлекеттің саяси жүйесі қандай болатындығы осы сайлауға байланысты. [caption id="attachment_51489" align="alignnone" width="1200"]Nur Otan жақтастар лигасы ©Айтжан Мұрзанов[/caption] Саясаттанушы, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі М. Шибутов «праймериз – бұл саяси процеске демократиялық нормаларды енгізу» деп атап өтті. «Серпін» Ұлттық білім және инновациялар палатасының президенті, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі М. Әбенов өз сөзінде «көптеген әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси проблемалар жинақталды. Партия арқылы біз жергілікті атқарушы органдардың жұмысын қадағалаймыз, плюрализм және балама пікірлер негізінде процестер құрамыз, әлеуметтік мәселелерді оңтайлы шешуге ықпал етеміз» деп атап өтті. Белгілі журналист, блогер Б. Дәулетбекқызының айтуынша, елдегі қоғамдық-саяси процестерді жақсарту бойынша азаматтар арасында үнемі нақты ұсыныстар жинау қажет, сонымен қатар біздің қоғамдағы ең өзекті әлеуметтік, экономикалық және басқа проблемаларды жариялап, оларды шешуді талап ету керек. Тұтастай алғанда елдегі қылмыстық іс жүргізу заңнамасын модернизациялау қажет, бұл «Nur Otan» партиясының көмегімен ғана мүмкін болады. [caption id="attachment_51492" align="alignnone" width="1200"]Жанарбек Әшімжан Nur Otan ©Айтжан Мұрзанов[/caption] «Рухани құндылықтар – мемлекет дамуының маңызды факторы. ХХ ғасырдың басында қазақ зиялыларының ұсынған идеялары мен мұраттары, талаптары мен ұстанымдары өз маңыздылығын сақтайды және бүгінде сұранысқа ие. Тарихи әділеттілікті қалпына келтіру жұмыстарын жалғастыру қажет», - деп атап өтті «Ана тілі» газетінің бас редакторы, журналист, жазушы, публицист Ж. Әшімжан. Я. Федоровтың айтуынша «праймериз режиміндегі пікірталастарды қарай отырып, халық болашақ парламентшілердің шынайы жеке идеялары қаншалықты елді өркендетуге бағытталғандығын көре алады». Кездесу барысында спикерлер елімізде әлеуметтік, экономикалық және демографиялық проблемалар жинақталғандығын, оларды диалог пен ынтымақтастық арқылы бірлесіп шешу керек деген ортақ пікірге келді.