Ақтаулықтар күннің тұтылуын көре алады
Ақтаулықтар күннің тұтылуын көре алады
©Сурет интернеттен алынды

v-kosmose.com сайтының хабарлауынша, бұл құбылыс екі сағатқан созылады екен. 

Жексенбі күні күндізгі сағат 10.56-дан түсткі 13.06-ға дейін бақылауға болады.
«Отты шеңбер» - жартылай күн тұтылуының ерекше түрі. Мұндай құбылыс Ай Жерден эллиптикалық орбитасында орналасқанда пайда болады екен. Сондықтан ол күннің бетін толық жауып тастамайды.
Әрине, оған бір қарап-ақ барлық әдемілігін түсіну мүмкін емес. Алайда арнайы құрылғылар арқылы күннің тұтылуын бақыласа көп нәрсені көруге болады.
Мамандардың айтуынша, күннің сыртқы атмосферасын сәл қызыл және ақ түсті қоршаған тәжді байқауға да болады екен.