Сапарбаев төрт құбыласын теңестіріп алды
Сапарбаев төрт құбыласын теңестіріп алды
©Сурет автордан
134
оқылды
Кеше Жамбыл облысы әкімінің орынбасары қызметінен Шу ауданының әкімі лауазымына ауыстырылған Нұржан Календеровтың орнына маман тағайындау көп күттірмеді. Бүгін бұл орынға Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша Алмас Мәдиев тағайындалды. Алмас Өскенбайұлы 1972 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген.
Еңбек жолын 1994 жылы Жамбыл технологиялық институтының оқытушысы болып бастап, әр жылдары Жамбыл облысы әкімінің көмекшісі, Жамбыл облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының жетекші маманы, Жамбыл облысы әкімі аппаратының қаржы және әлеуметтік қорғау бөлімінің меңгерушісі, Жамбыл облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау, кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармаларының бастығы қызметтерін атқарған.
2017 жылғы қыркүйектен 2019 жылғы ақпанға дейін Алматы қаласы әкімінің орынбасары, 2019 жылғы ақпаннан бастап шілдеге дейін «Алматы» ӘКК АҚ Басқарма төрағасы қызметтерін істеді.
Биылғы жылдың ақпан айында Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев оны өңірге шақырып, облыс әкімі аппаратының басшысы қызметіне тағайындаған болатын. 28 ақпан күні қызметіне кіріскен Алмас Өскенбайұлы аппарат басшысы қызметінде төрт айда отырмай, облыс әкімінің орынбасары болып отыр. Бұл Бердібек Машбекұлының кадрға деген үлкен сенімін білдірсе керек.
Алмас Мадиевтің да орны суый қоймай, оның орнына Сапарбаев Сарысу ауданының әкімі Қанатбек Мәдібекті әкеліп отырғызды. Қанатбек Қайшыбекұлы да Жамбыл облысының тумасы. Ол Сарысу ауданы әкімінің қызметіне 2019 жылдың наурыз айында екінші мәрте қайырылып келген болатын.
Осылайша екі күнде облыс әкімі аппаратында ауыс-түйістер қыза түсіп, бұқара болжаған кейбір болжамдар дөп келді. Енді зейнет жасы келіп тұрған облыс әкімінің бірінші орынбасары Бекболат Орынбековты облыстық мәслихаттың депутаты Масат Беріктің ұсынысы бойынша, кейбір көріпкелдер Паламент Сенаты депутаттығына апарып қойды. Кім біледі, бұл сәуегейлік те дөп келіп қалар?
  Саятхан Сатылғанов, Жамбыл облысы