Бұл ақпаратты Надия Ахметова растады. Айтуынша, ол Денсаулық сақтау басқарма басшысы Болатбек Қайыповтың бұйрығымен жұмыстан босатылған.
Негізі бұғанға дейін сырқаттанушылармен байланыста болған ол 16 мамырдан денсаулығына байланысты демалыста болған.«Менің қызым коронавирус жұқтырып алған. Ол өзі дәрігер, терапевт болып жұмыс істейді. Сондықтан да менің де оқшаулануым керек болды», - деді ол. [caption id="attachment_51521" align="alignnone" width="1024"]
Оның айтуынша, науқастардың көбеюіне қарамастан ауруханада төсек-орын мен дәрі-дәрмектер қоры таусылып, денсаулық сақтау бөлімінің бастығы тиесілі жұмыс істеп отырмағанын мәлімдеді.