Оралдық полицейлер көлігіне мемлекеттік нөмірді төңкеріп тағып алған
Оралдық полицейлер көлігіне мемлекеттік нөмірді төңкеріп тағып алған
©Сурет интернеттен алынды
Осындай сурет әлеуметтік желіні шулатып жіберді. Бұл жөнінде тергеу жүргізілгенін БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. Олардың айтуынша, мәселе шешілді.
"Қазір жүргізушіге ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 590-бабы 1-бөліміне сәйкес «Көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзу» бойынша әкімшілік хаттама жасалды, - деді департаментте.