Тест тапсырып, коронавирус анықталса алдымен не істеу керегін Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова мәлімдеді.
- Біріншіден, үйден шықпаңыздар, оқшаулану;
- Екіншіден, маска тағу;
- Үшіншіден, күніне 3 рет термометрия жүргізу;
- Төртіншіден, жеке бастың тазалығын сақтау;
- Бесіншіден, тамақ ішетін ыдыстар жеке болуы керек;
- Алтыншыдан, бөлмені желдетіп отыру қажет.
Басшы коронавирус инфекциясы кезінде дене қызуы 3-5 күн бойы көтерілетінін жеткізді. Ол мұндай жағдайда үйде емделмеу керегін жеткізді."Дене қызуы 38 градустан жоғары болса, 500 миллиграмм мөлшерінде парацетамол және күніне 1 рет аспирин ішіңіз. Оның дозасы 150 миллиграмм болуы керек. Сонымен қатар, қанды сұйылту үшін таблетка түріндегі Тромбо АСС, кардиомагнил сияқты дәрілерді ішуі керек", - деді ол.