Оқшауланудың кесірінен балалар ашуланшақ болып кетті
Оқшауланудың кесірінен балалар ашуланшақ болып кетті
©Көпбалалы отбасы
162
оқылды
Оксфорд ғалымдары 4-10 жас аралығындағы балалардың оқшаулану кезінде ашуланшақ болып кеткенін анықтады. Бұл жайында Medical Express жазған екен.
Дереккөз мәліметінше, сауалнамаға 10 000-нан аса ата-ана мен қамқоршы қатысқан. Сауалнама коронавирустың кішкентай балалардың психикалық денсаулығына қалай әсер ететінін анықтаған.
Зерттеу авторларының айтуынша, карантин кезінде балалар ашуланшақ болып кеткен. Себебі олар үйде отырып, ата-аналарын тыңдамауды әдетке айналдырған. Соның салдарынан депрессияға ұшыраған.
Бұл балаларға коронавирус пандемиясының ауыр тигенін көрсеттті.