Алматыда екі су бөгеті салынбақшы
Алматыда екі су бөгеті салынбақшы
©Сурте интернеттен алынды.
Ақсай шатқалы мен Аюсай шатқалында екі жаңа су бөгетін салу жоспарға енді. Оның құрылысы биылдан қалмай, басталуы мүмкін.
Сондықтан ескі дамбаның үстінде орналасқан халықты басқа жаққа көшіру қажеті туындауы мүмкін. Бұл жайында Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Серік Әубәкіров мәлімдеді. 
"Үлкен Алматы шатқалында көптеген мейрамханалар  салынып, адамдар  мекендеп алған. Қазір соларды қорғау қажет. Енді Аюсай мен Ақсай шатқалында бұрын болмаған бөгетті енді салмақшы. Жақында бұл бөгеттерге мемлекеттік сараптама аяқталып, оң нәтиже берді. Жобалық-сметалық құжаттаманы ҚР ІІМ ТЖК-нің «Казселезащита» мамандарына беру туралы шешім қабылданды" деді ол.