Ұлттық сараптама орталығының Атырау облыстық филиалы – коронавирусты диагностикалаумен айналысатын мекеме. Белгілі болғандай, қызметкердің вирусологиялық зертханаға қатысы жоқ, ол әкімшілік құрамда жұмыс істеген. Қазіргі уақытта бухгалтер, кадр және маркетинг бөлімінен қызметкермен байланыста болған 12 адам анықталып отыр. Зертхана директоры Темірбек Мұсағалиев та коронавирусқа тест тапсырған.
- Байланысушы тұлғалардың барлығы оқшауланды. Вирусологиялық зертхана әдеттегі режимде қызметін жалғастырады, - деп түсіндірді Орталық басшылығы.Сонымен қатар, бүгін облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек Қабдығапаровтың да коронавирусқа тест тапсырғаны белгілі болды. Тест нәтижесі жақын арада белгілі болады, - деді облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.