Бұл туралы 17 маусымда үкімет отырысында премьер-министр Денис Шмигал мәлімдеді.
«Коронавирус науқастарының саны толассыз өсіп отыр. Карантиндік шараны биылғы жылдың 31 шілдесіне дейін жалғастырамыз. Сондай-ақ, біз бүгін Денсаулық сақтау министрлігі ұсынған бейімделген карантинге қатысты жаңартылған тәсілді қарастырамыз,», - деді Шмигал.Өткен тәулік ішінде республикада вирусты жұқтырғандардың саны 758-ге жетті.