Елімізде алдағы уақытта күн суытады
Елімізде алдағы уақытта күн суытады
160
оқылды
"Қазгидромет" РМК 18-20 маусым күндері елімізде ауа райы қандай болатынын хабарлады. Синоптиктердің мәліметінше, алдағы күндері елімізде ауа температурасы төмендейді.
"Ақ теңіз аймағынан антициклонның келуімен байланысты ауа температурасының төмендеуі күтіледі. Қазақстанның кей жерінде жаңбыр жауады, шығыс жартысының кей жерінде қатты жаңбыр болжанады. Кей жерде найзағай, дауыл, бұршақ түсуі ықтимал. Тек кезеңнің соңында республиканың солтүстік жартысында жауын-шашынның тоқтауы күтіледі", - делінген хабарламада.